Төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына «Алматы қаласының құтқару қызметі» мекемесі 3 құтқарушыны көмекке жіберді.
Оған қоса тасқыннан зардап шеккен өңірге 3 КАМАЗ, 1 автокөлікпен ауқымды көлемде құрылысқа қажетті құрал-саймандар, шатырлар, төсек-орын, жарық шамдары, құтқару жилеттері, су етігі және 5000 дана қапшық жөнелткен.
Алматы қаласындағы жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі жіберген көмектің ішінде медициналық препараттар да бар.