Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының полиция департаменті өкілі, полиция майоры А.Жумалиев төтенше жағдайлар кезінде жалған ақпарат таратудың заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
— Апатты және төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көптеп тарайды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274 бабына сәйкес жауапкершілік көзделген. Яғни, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, — деді ол.