Құлсары қаласы Автожолаушылар ықшамауданындағы 400-ге жуық үйді су басты. Қазіргі уақытта Полиция департаменті мен Жылыой аудандық полиция бөлімінің теңіз патрульдік полициясы үйінде қалып қойған төрт отбасыны және бір азаматты мал-жанымен құтқарып үлгерді. Ал басқа үйлердің тұрғындары су бастап кіргенде қауіпсіз жерге шығарылған. Жұмыстар тәулік бойына жалғасуда.