Су тасқынына байланысты Атырау облысының Жылыой ауданында мектептердегі сабақ онлайн форматта өтеді. Балабақшалар уақытша жабылды.
Жылыой ауданында кеше, 4 сәуірде тасқын судан төнген қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жем өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Қарағай елді мекеніне кіру қаупі туындады. Аудан орталығы – Құлсары қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кенті аралығындағы жолдың бір бөлігін су басты.
«Төтенше жағдайға байланысты мектептер онлайн форматқа көшірілді. Ал, балабақшаларды уақытша жабуға шешім қабылданды», — деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.