Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда бір мектеп 10,9 млн теңгеге 90 парта сатып алмақ болған

Атырау облысында бір мектепке 90 партаны сатып алуға 10,9 млн теңгені жұмсауды жоспарлаған. Баға нарықтағыдан бірнеше есеге көп көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл дерек Махамбет ауданында анықталып отыр.

«Махамбет ауданының білім бөліміне қарасты Жалғансай орта мектебі бір партаны 121 мың 428 теңгеден сатып алуға ұсыныс берген. Осылайша 90 парта үшін 10,9 млн теңгені жұмсауды жоспарлағаны анықтады. Бұл тауардың орташа бағасы 30-40 мың теңгені құрайды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Back to top button