Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау полицейлері Қарағай ауылындағы үйлерді тәулік бойы бақылайды

Атырау облысының полицейлері тұрғындары эвакуацияланған Қарағай ауылындағы үйлерді тәулік бойы бақылауға алды.

Қарағай – Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылдық округіне қарайтын елді мекен. Шағын ауыл аудан орталығы – Құлсары қаласынан 16 шақырымда орналасқан.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімет еткендей, Қарағай ауылынан 156 тұрғын эвакуацияланған.

«Жылыой ауданында төтенше жағдай жариялануына байланысты Қарағай елді мекенінің 156 тұрғынын эвакуациялауға 4 автобус, 26 полицей, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 17 қызметкері жұмылдырылды. Қазір Қарағай ауылында қараусыз қалды. Сол себептен, полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді тәулік бойы бақылауға алды. Мақсат – қараусыз қалған үйлерге қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Back to top button