Жылыой ауданында төтенше жағдай енгізілді.
Серік Шәпкенов Құлсары қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің жағдайымен танысып, кейін жедел штаб отырысын өткізді.
Штабқа келесідей тапсырма берілді:
— Техника санын көбейту;
— Әр уческеде кезекшілік ұйымдастыру;
— Бөгет салу жұмыстарын күшейту;
— Су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылғандарды жанар-жағармаймен, қажетті құрал-жабдықпен және тамақпен қамту.