Тайсойған ауылына жеткен аудан әкімі Қанат Әзмұханов ауылдың ахуалын бақылап шықты. Қазіргі уақытта тұрғындар мен ауданнан жеткен еріктілер бөгет соғу жұмыстарына кіріскен.
Ойыл деңгейіне келген су өз ағысымен Жарыпшыққан арнасына кеше түнде жетті. Қазіргі таңда су деңгейі 1 метр 40 сантиметр.
Былтырғы жылдан басталған дайындық арқасында ұзындығы 2,5 км бөгет соғылды. Аудандық штабтың тапсырмасына сәйкес, су деңгейі көтерілмей тұрып техникалар мен керекті құрал-жабдықтарды дайындап қойған.
Ерте қамға кіріскенненің арқасында қазір ауылда ахуал тұрақты. 30 құтқарушы, 150-ге тарта ерікті, 10 техника жұмыс атқаруда.