Атырауда Жайық өзені жағасынан 313 келіден астам бекіре табылды. Браконьерлер 14 қапқа салынған балықты қамыс арасына жасырған.
Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, заңсыз ауланған балық 2 сәуірде сағат 00:50-де табылған.
«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Атырау облыстық полиция департаменті және Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлескен рейд өткізді. Рейд кезінде Жайық өзенінің жағалауына орнадасқан Дамбы ауылы маңындағы 2 өзек тексерілді. Су айдынының жағасындағы қамыс арасынан 14 қапқа салынған жалпы салмағы 313,3 келі бекіре тұқымдас балық табылды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.