Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Миялы Сағыз бойындағы тасжолды су басты

Облыстық маңызы бар «Сағыз-Миялы-Индер» тас жолының Миялы ауылынан 4 км қашықтықтағы Миялы Сағыз бойындағы тасжолдың үстінен су жүріп кетуіне байланысты, 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап көлік қозғалысы тоқталды. Қазіргі уақытта 1 маторлы қайықпен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін аралықта тұрғындарды тасымал ұйымдастырылуда.

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» облыстық маңызы бар тас жолды тасқын су шайып кетіп, әзірге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 10 Камаз, 2 погрузчик техникаларымен уақытша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолының Жасқайрат ауылынан 2 км қашықтықтағы «Жалаңаш көл» тұсындағы тасжолдың үстінен Ойыл өзенінің жайылмаға шыққан тасқын суы жүріп кетті. Су жүріп кеткен жердің ұзындығы 120-130 метр шамасында. Автокөлік қозғалысы шектелді.

Қызыл судан жырылған тас жолдар жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суы келу кезеңі өткен соң басталады.

Back to top button