Атырау облысындағы Миялы ауылында орналасқан екі мектептің оқушылары сабақты жазғы каникул кезінде оқитын болды.
Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қызылқоға ауданының екі мектебіндегі сабақ жазғы каникул кезінде өтеді.
«31 наурызда Қызылқоға ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып, Миялы ауылындағы тұрғындарды ішнара эвакуациялау басталды. Осыған байланысты аудан орталығындағы Ы.Шөреков мектеп-гимназиясы мен Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп ғимараты эвакуациялық пункт ретінде белгіленді. Білім ордасының бірінде 480, ал екіншісінде 948 оқушы бар. Төтенше жағдай кезінде тоқтатылған сабақты жазғы каникул кезінде жалғастырады», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.