Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Биыл Атырау облысы Қызылқоға ауданы тағы да 63 ауылшаруашылық техникасымен толығады

Қызылқоға аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Нұралиннің айтуынша, елімізде ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға субсидия көлемі ұлғайтылды. Ауылшаруашылық министрінің бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес аталған саланың техникаларына республикалық бюджеттен 25-30 пайыз көлемінде субсидия беріледі. Сонымен қатар «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы аталған техникаларды лизингке алу кезінде бірінші төлемге шаруагердің қаражаты болмаған жағдайда, тиісті субсидияның ақшасынан төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

-Мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктердің игілігін Қызылқоға ауданының шаруагерлері көріп келеді. Осы орайда аудан шаруагерлері өткен жылы ауылшаруашылығы техникаларының базасын жаңарту мақсатында 78 арнайы техника сатып алды. Аталған техникалар шаруагерлердің өз қаражаттарына және лизинг арқылы алынды. Олардың 21-і трактор, 57-і мал азығын дайындайтын арнайы техника болса, биыл ауданға қарасты 7 шаруа қожалығы 8 трактор сатып алды. Ал жыл соңына дейін тағы 13 трактор мен 50 мал азығын дайындайтын қосымша тахника алу жоспарланып отыр — деді ол.

Айта кетейік, Қызылқоға ауданында бүгінде 557 шаруа қожалығы бар.

Back to top button