Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, биыл шартты ақшалай көмек алушылар саны азайған.
«Атаулы әлеуметтік көмек 403 отбасындағы 2 574 адамға шартты ақшалай, 159 отбасындағы 782 адамға шартсыз ақшалай күйінде тағайындалды. Мұндай көмекті алушыларға жасалған талдауға сәйкес, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің үлесі 69 пайызды құрады. Ал, жұмыссыздар – 2,7, басқа санаттағылар – 28,3 пайыз. Жұмысы барлар – 10,3, зейнеткерлер – 0,5, мүгедектер – 0,7, студенттер – 4,1 пайыз. Бала күтіміндегі отырғандар 11,6, басқалары –1,1 пайызды құрып отыр», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.