«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев мұнай өңдеу зауыттарын жекешелендіруге қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZINFORM тілшісі жазды.
Оның айтуынша, әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ-та Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тараған.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Бұған қатысты келіссөз жүргізілген емес. «ҚазМұнайГаздың» мұнай өңдеу зауыттарында барлық өндірістік процесс штаттық режимде жүріп жатыр», — деп мәлім етті Дмитрий Макеев.