Ағымдағы жылдың 16-17 наурыз күндері Латвия елінің Рига қаласында дзюдодан ересектер арасында ашық Европа кубогі өткен болатын.
Әлем елдерінің 28 мемлекетінің спортшылары бақ сынаған бәсекеде ауданымыздың спортшысы 60 келі салмақта Ұлықбек Әбілхайыр қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жарыс жолын екінші айналымнан бастаған Ұлықбек Нидерланды, Словакия, Ұлыбритания спортшыларын жеңіп, финалда Қазақстандық Шерзод Давлатовпен кездескен болатын. Ақтық сыңда Ұлықбектің айы оңынан туып, жеңісті қолдан бермеді.
Айта кетейік, Ұлықбек бүгінде өзі тәрбиеленіп шыққан Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы боп қызмет атқарады.