Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Өткен жылы Атыраудағы Мемлекеттік кірістер департаменті 729 мың азаматқа қызмет көрсеткен

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ғалия Ертелеуова баспасөз брифингінде мәлім етті.

Мемлекеттік кірістер органдарымен еліміз бойынша барлығы 44 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде 27 қызмет — салықтық болса, 17 қызмет — кедендік бағытта. Ал Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен көрсетілетін 34 мемлекеттік қызметтің 32-сі автоматтандырылған. Жыл басындағы жағдаймен облыс бойынша барлығы 716 270 салық төлеуші тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар – 16 027, дара кәсіпкерлер – 57 333 болса, жеке тұлғалар — 642 910.

-Былтырғы көрсеткіш бойынша барлығы 728 945 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 727 832-сі электронды түрде, 1113-і қағаз түрінде. Оның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 720 035, ал «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 7148. Сондай-ақ «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы — 649 қызмет көрсетілген, — деді Ғ.Ертелеуова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді баламалы түрде алу мүмкіндіктері қарастырылған. Олар: электронды немесе қағаз түрінде және электронды үкімет порталы арқылы.

Бұдан бөлек, бөлім басшысы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті. Бұл — мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру және белсенділігін арттыру фактілері.

-Бүгінгі күнде салық төлеушілердің келу тәртібін азайту мақсатында бірқатар онлайн-сервистер қолданысқа енгізілді. Мысалы, онлайн-брондау, тікелей эфир арқылы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті тоқтату бойынша көптеген сұрақтар туындауына байланысты, салықтық өтініштерді электронды түрде қабылдау қызметі жүзеге асырылуда. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттiк қызметі Салық төлеушілер кабинетінде жүзеге асырылып отыр, — деді Ғ.Ертелеуова.

Back to top button