Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихы қайта жаңғырады

Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихы қайта жаңғырады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Министрдің дерегіне сүйенсек, елімізде аспан астындағы 12 музей бар. Оның ішінде, Сарайшық музей-қорығы да бар.

«Сарайшық – қазақ даласындағы ең көне қаланың бірі. Музейдің айналасында зираттар бар. Сүйектер шашылып жатыр. Мұның бәрін тазалау, реттеу жергілікті әкімшіліктің назарында болады. Бұл жұмыстар аяқталған соң, 2025 жылдан кейін бірлескен экспедиция жұмысын бастаймыз. Бір ай бұрын Сарайшық музей-қорығының ұжымымен кездесіп, халықаралық деңгейде таныту мәселесін талқыладық. Бакудегі түркі әлемінің мәдениетін дамыту қоры аясында бірлескен экспедиция ұйымдастыру, Сарайшық қаласын қайта жандандыру мәселесін қарастыратын боламыз», — деді Аида Балаева.

Back to top button