Биыл Атырау қаласының Әбілхайыр хан даңғылы бойынан 2000 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану мұражайы құрылысын салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр.
Жаңа концерт залы Әбілхайыр хан бойындағы құрылысы аяқталмаған ғимарат орнына салынады. Қазір нысанды сүруге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Құрылыстың бас жобалаушысы «Engeneering Center ltd» ЖШС компаниясы. Жер учаскесі 5,1 гектар, ал ғимараттың жалпы ауданы 34 618 шаршы метрді құрайды. Жобалау жұмыстары 2024 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады, ал жалпы құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарланды.
Аталған жобада бірінші қабатта концерт залы мен мұражайдың фойесі, бақылау палубасына кіру, екі киім-кешек бөлмесі, екі қойма және үлкен мәжіліс залы бар. Сондай-ақ, әр блокта әкімшілік және көмекші кабинеттер қарастырылған. Ал екінші қабатта 1200 орындық концерт залдары, мұражай экспозициясы, қойма бөлмелері және кіші конференц залы болады. Сондай-ақ, залдардың әрқайсысы үшін суретшілер мен киім ауыстыратын бөлмелер қарастырылған. Үлкен залда көрінбейтін музыканттар сахналық қойылымды сүйемелдеу үшін оркестр шұңқыры болады. Бұдан бөлек ғимаратта екі көлік тұрағы салынады.
Айта кетейік, балалар үшін хореография залы мен музыкалық студиялар жұмыс істейді.
Ғимарат домбыра мүсінінде салынады. Ол қала көрінісін тамашалау үшін шолу лифті болады.