Атырау қаласында ерекше білім беруді қажет ететін 1,5 жастан 13 жасқа дейінгі балаларды қолдауға бағытталған «Unideti» түзету орталығының ашылу салтанаты өтті.
«Unideti» мамандары логопедия, дефектология, АВА-терапия, бейімделгіш дене шынықтыру сабақтарын және орталыққа баратын 25 баланың әрқайсысына жеке көзқарасты қамтитын кешенді бағдарламаларды пайдаланады. Мұнда ЗПР, ЗРР, аутизм және даун синдромы диагнозы қойылған балаларды дамыту және түзету үшін барлық жағдай жасалған. Орталықта балаларға арналған негізгі төрт кабинет жұмыс жасайды. Олар АВА-терапия, логопедия, дефектология және әртүрлі тақырыпта топтық сабақ өткізілетін орындар.
Жоба жетекшісі және орталықтың негізін қалаушысы Диляра Қойшиева 2021 жылы осы сала бойынша кабиниет ашып, қызмет етіп келеді. Сұраныстың артуымен өз бизнесін кеңейту туралы шешім қабылдап, «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен «Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры» іске асыратын «Жарқыра» бағдарламасының әлеуметтік кәсіпкерлер байқауына қатысқан.
-«Жарқыра» жобасына 2023 жылы әлеуметтік желілерде байқауға өтінімдерді қабылдау туралы ақпаратты көріп, бірден өз идеямды ұсындым. Жартылай финалға өткеннен кейін біз екі айға жуық білікті жаттықтырушылардан білім алдық, өзіміздің бірегей бизнес-жоспарымызды әзірледік. Бизнес сарапшыларының жеке кеңестері көп көмектесті, бұл менің жетістігімнің және финалға өтуімнің маңызды сәттерінің бірі болды. Біздің мақсатымыз – әрбір бала өз әлеуетін аша алатын бақытты және өмірге бейімделген тұлғаларды қалыптастыру, — деді Д.Қойшиева.
Айта кетейік, 2021 жылы кабинет ашылғалы бері 37 бала қалыпты балабақша қатарына қосылса, ем алған 20-ға жуық оқушы өз мектептерінде білім алып жатыр. Ал 82 оқушы мамандардың жұмысының нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге жеткен. Мұнда қазіргі уақытта 50 бала ем қабылдауда.