Атырау облысында инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 2023-2024 жылдарға 40 нысан құрылысы бойынша жұмыстар жоспарланды. Оның ішінде, 2024 жылы құрылысы жоспарланған 19 нысанның бірі — «Атырау облыстық онкологиялық диспансер жанындағы радиологиялық корпус салу» жоспарға енгізілді.
Аталған нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, 2022 жылы ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаның құрылысын салу үшін NCOC компаниясының «Әлеуметтік инвестициялар жобасы» бағдарламасы арқылы құрылыс жұмыстарын бастау биыл мамыр айында жоспарлануда.
Айта кетейік, қазіргі таңда тендерлік рәсімдерді бастауға құжаттары дайын.