Атырау қаласында халықаралық талаптарға сай 12 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион жобасы биыл басталады.
Жобаның тапсырыс берушісі — Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан салынбақ.
Қазіргі таңда аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасауға тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Нысанның жер учаскесі — 7,7 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы — 35 000 шаршы метр.