Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Биыл Атырауда кәсіп ашатын 291 адамға қайтарымсыз гранттар беріледі

Биыл 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды 291 адамға беру жоспарланып отыр. Оған 429 миллион теңгеден астам қаржы қаралған.

Екі кезең бойынша өтініштерді қабылдау сәуір айынан бастап жүргізіледі деп жоспарлануда. Қала, аудандардағы кәсіпкерлердіі бизнес жобаларын іріктеу комиссия қорытындысымен жүзеге асады. Грант алушылардың қатарына көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар (аз қамтылған отбасылар), мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдарды асыраушылар, асыраушысынан айырылғандар және қандастар кіреді.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Өтінімдерді қабылдау – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Грант көлемі 400 АЕК немесе 1 млн 476 мың 800 теңге. Сондай-ақ әр қатысушы оны тек бір рет ғана ала алады. Грантқа өтінім беру үшін алдымен порталда тіркелу қажет. Сонымен қатар грант алу шарттарына сәйкестігі туралы тексеруден өтуі және бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыруы, сондай-ақ порталға енгізуі және өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қоюы міндетті.

Егер интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, жергілікті Мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Айта кетейік, өткен жылы аталған санаттағы 268 адам қайтарымсыз гранттар алып, өз істерін ашты.

Back to top button