Жылыой ауданының екі елді мекенінде электр трансформаторлары жаңартылды
Жылыой ауданының Қара Арна ауылдық округіне қарасты Шоқпартоғай ауылы мен Майкөмген ауылдық округтерінде тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «Атырау Жарық» АҚ мекемесі электр трансформаторларын жаңартылды.
-Ескі трансформаторлар 1980-90 жылдары пайдалануға берілген, ескі болатын. Олар күннің қолайсыз уақыттарында электр қуатына күші жетпей, жарық жиі өшіп қалатын еді. Осыған байланысты Шоқпартоғай ауылының тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған КТП-10/0,4кВ (160кВА) №8/5 қосалқы трансформаторлық станциясы заманауи жабық қосалқы трансформаторлық станциясына-10/0,4кВ (КТПНГ) 250кВа трансформаторына ауыстырылды. Ал Майкөмген ауылдық округіндегі КТП-10/0,4кВ (63кВА) №6/1, КТП-10/0,4кВ (100кВА) №6/2 қосалқы трансформаторлық станциялары заманауи жабық қосалқы трансформаторлық станциясы-10/0,4кВ (КТПНГ) 100кВа, жабық қосалқы трансформаторлық станциясы-10/0,4кВ (КТПНГ) 160кВа трансформаторларына ауыстырылды,- деді Жылыой аудандық «Атырау Жарық» АҚ-ның басшысы Марат Меңдияров.
Айта кетейік, Қара Арна ауылдық округінде 3125 тұрғын болса, Майкөмген ауылдық округінде 1165 халық бар.