Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Атырау облысындағы 4 каналға жөндеу жүргізу үшін 3,1 млрд теңге жұмсалады

Атырау облысының Индер ауданындағы 4 каналды жөндеуден өткізуге 3,1 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Биыл каналдың біреуіне жүргізілетін жөндеу аяқталады.

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың айтуынша, 4 каналдың жалпы ұзындығы — 313 шақырым.

«Шаруа қожалығының жетекшілері каналдарға жөндеу жүргізуді алға тартып отыр. Мәселен, ұзындығы 75 шақырым болатын «Алғабас-Жорық» каналы 2020 жылы күрделі жөндеуден өтті. Биыл оған жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деген жоспар бар. Биыл Көктоғай ауылдық округінің аумағындағы 80 шақырымдық «Ақсай» каналына жалғасатын жөндеу жұмысы аяқталады. Ал, ұзындығы 105 шақырымды құрайтын «Бағырлай» каналы мен 53 шақырымға созылған «Құрайлы сай» каналдарына жүргізілетін жөндеуге байланысты конкурс өткізілді. Мердігер анықталды. Күн райы жылынған кезде жұмыс басталады. Жалпы Индер ауданындағы аталған каналдарды жөндеу жұмыстарына 3 млрд 100 млн теңгені құрайтын қаражат жұмсалатын болады», — деп хабарлады Дарын Шамұратов.

Back to top button