Аталған кабинет әртүрлі когнитивті және моторлық бұзылыстары бар балалардың дамуына көмектеседі.
Құлсары қаласында үш жылдан бері Әсем Айтмұратованың жетекшілігімен «Зерек» балаларды кешенді дамыту орталығы жұмыс істеп келеді. Орталықта 5 жастан 12 жасқа дейінгі психологиясы, сөйлеу және тірек-қимыл аппараты, сондай-ақ жүйке жүйесі мен есте сақтау қабілеті бұзылған балалар оқытылады.
-Бүгінгі таңда біздің орталықта 50 бала ем алуда. Біз кешенді тәсілді қолданамыз, атап айтқанда нейрогимнастиканы, екі қолмен сурет салуды, жылдам оқуды, логиканы және жазуды дамытамыз. Мен өз қызметімді 2018 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды үйде оқытудан бастадым. Орталықты ашуға және оқытудың инновациялық технологияларын қолдануға, сондай-ақ балалар психологиясын оқуға деген үлкен арманым болды. Ол «Жарқыра» бағдарламасының байқауына қатысу арқылы жүзеге асты, — деді Ә.Айтмұратова.
Оның айтуынша, «Теңізшевройл» компаниясынан Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры іске асыратын «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде оқуға қаржылық қолдау ала отырып, өз орталығында ең озық бағыттардың бірі — әртүрлі диагноздары бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған нейропсихология бойынша консультациялар енгізген. Бүгінгі таңда ол ҚР психологтары мен нейропсихологтары қауымдастығының мүшесі.
Айта кетейік, «Жарқыра» — бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелердің инновациялық шешімдерін іздеуде жергілікті қоғамдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесуге бағытталған кешенді бағдарлама. «Жарқыра» бағдарламасы аясында 2016 жылдан бастап 63 әлеуметтік-кәсіпкерлік жоба іске қосылды. Олардың 25% — дан астамы ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру, оңалту, оңалту қызметтерін көрсету орталықтары.