Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырауда діни сауат ашу орталығы ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Жұмағұл Танаұлы атындағы құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды.

Үш қабатты ғимаратта дәрісхана, семинар өтетін арнайы мәжіліс залы және қонақ бөлме, сонымен қатар «Дін мен дәстүр» атты отбасылық оңалту бөлімі бар. Мұнда жұбайлар келіп, кеңестер алуына болады және дініміз бен дәстүріміздің сабақтастығын нығайту мақсатында подкасттар түсіретін студьясы да қарастырылған. Орталықта жас ерекшелігіне қарамастан, 5 ер, 3 әйел ұстаз сабақ кестесі бойынша күндізгі мерзімде жалпы саны 40 адамға білім береді. Мұнда құран жаттау, ислам әдептерін және мұсылмандық сауат ашу бағытында сабақтар жүреді. Білім алушылар оқып қана қоймай, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және тағы да басқа спорт түрлерімен айналыса алады.

Салтанатты шарада мұсылмандардың рухына құран бағышталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сөз сөйлеп, келушілерді орталықтың ашылуымен құттықтады.

-Қазақ жеріне Ислам діні 750 жылы келді деген тарихи дерек бар, содан бері дініміз бен дістүрімізді берік ұстанып келеміз. Қазақ елі талай сын тауқыметтен аман өтті. Осындай білімді ұрпақтың арқасында әлі де аман боламыз және соны тілейміз,- деді Н.Тағанұлы.

Сондай-ақ Мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Төкен Жұмағұлов «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 30 жыл» атты мерекелік медалімен марапатталды.

Іс-шарада жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Ілия Жақанов, даңқты мұнайшы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Есен Тасқынбаев және ҚР Құрметті судьясы, ОҚО Құрметті азаматы Бекет Тұрғараев сөз сөйлеп, құттықтады.

Back to top button