Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

«Ұлттық қор – балаларға»: Атырау облысы бойынша 277 мың балаға ақша аударылған

Еліміздің маңызды әлеуметтік жобаларының бірі – «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы. Оның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға мүмкіндік беру. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов баспасөз брифингінде мәлім етті.

Бағдарлама аясында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Қаржы әр балаға 18 жасқа толғанша аударылатын болады және мерзімінен бұрын есепшоттан шешіп алуға рұқсат етілмейді. Жинақталған қаржыны баспана сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға мүмкіндік бар.

Қ.Құлбарақов бағдарлама шарттары мен оған қатысу дерегін қалай тексеруге болатынын атап өтті.

-18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және сақталады. Айта кетейін, берілетін нысаналы жинаққа жеке табыс салығы салынбайды және БЖЗҚ өз қызметі үшін комиссия алмайды. Сондай-ақ нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, нысаналы талаптарды есептеу тоқтатылады. Жалпы БЖЗҚ балалар туралы барлық мәліметтерді «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алды. Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН нөмерін енгізу арқылы тексере алады, — деді ол.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жылдық мәнде — 1,39 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірісі. Ал оның жылдық кірісі — 2,6% АҚШ доллары.

Айта кетейік, «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылған уақытта kids.enpf.kz сайтына 2,7 миллионнан аса адам кіріп, ЖСН бойынша шамамен 5,5 млн сұраныс өңделген.

Back to top button