Біріккен Араб Әмірліктерінің орталығы Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа мәжілісінде мәлім етті.
«Келесі аптада біз Дубайда QazExpoCongress ұлттық компаниясының «Қазақстан» сауда үйін ашамыз. Павильонды отандық тауарды ілгерілетуге барынша белсенді пайдаланамыз. Ол тек қана қазақстандық тауарлардың көрсетілім алаңы ғана болмайды. Біз алғаш рет инжиниринг қызметінің, медицина мен ІТ саланың өнімдерін ілгерілетпекшіміз», — деді министр.