Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда республикалық ХII жазғы гимназияданың облыстық кезеңі басталды

Мектеп оқушылары арасындағы аталған іс-шара Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Салтанатты шарада Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының директоры Ескендір Қалиханұлы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

-Құрметті жарысқа қатысушы спортшылар, республикалық ХII жазғы гимназияданың облыстық іріктеу кезеңіне қош келдіңіздер! Мектеп оқушылар арасындағы жеңімпаз Атырау құрамы командасы алдағы республикалық ХІІ жазғы гимназиадасында облыс намысын қорғайтын болады. Сондықтан бар шеберліктеріңізді көрсетесіздер деп ойлаймын. Барлық командаға сәттілік тілеймін,- деді Е.Қалиханұлы.

Жарыс баскетбол, волейбол, баскетбол 3х3, гандбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс, президенттік көпсайыс, бадминтон, спорттық бағдарлау, спорттық туризм бойынша 14 спорт түрінен өтіп жатыр. Оған 10-18 жас аралығындағы өңірдің 2000-ға жуық спортшысы қатысып, бақ сынауда.

Айта кетейік, аталған турнир мамыр айына дейін жалғасады.

Атырауда республикалық ХII жазғы гимназияданың облыстық кезеңі басталды

Мектеп оқушылары арасындағы аталған іс-шара Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шарада Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының директоры Ескендір Қалиханұлы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

-Құрметті жарысқа қатысушы спортшылар, республикалық ХII жазғы гимназияданың облыстық іріктеу кезеңіне қош келдіңіздер! Мектеп оқушылар арасындағы жеңімпаз Атырау құрамы командасы алдағы республикалық ХІІ жазғы гимназиадасында облыс намысын қорғайтын болады. Сондықтан бар шеберліктеріңізді көрсетесіздер деп ойлаймын. Барлық командаға сәттілік тілеймін,- деді Е.Қалиханұлы.

Жарыс баскетбол, волейбол, баскетбол 3х3, гандбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс, президенттік көпсайыс, бадминтон, спорттық бағдарлау, спорттық туризм бойынша 14 спорт түрінен өтіп жатыр. Оған 10-18 жас аралығындағы өңірдің 2000-ға жуық спортшысы қатысып, бақ сынауда.

Айта кетейік, аталған турнир мамыр айына дейін жалғасады.

Back to top button