Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев ІTO Ltd сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің менеджері Хаяши Сакура бастаған делегациямен кездесті.
Марат Мурзиев Хаяши Сакураға ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы сауда байланысы және достық қарым-қатынас нығайып келе жатқанын айтты.
Өз кезегінде Хаяши Сакура жылы кездесу үшін Марат Мурзиевке алғысын білдіріп, ITO компаниясының өнімдерін Қазақстан нарығына шығаруға ниетті екенін жеткізді.
— Жапонияда көптеген технологиялар болса да, сіздің елмен айырмашылықты көргіміз келді. Біздің компания үлкен болмаса да, өзіміздің технологияны Қазақстанда қолданып көргіміз келеді. ITO компаниясы ешбір ұйым ұсына алмайтын әртүрлі өнімдерді шығарады және сатады. Компания сұйытылған газ реттегіштерін шығарып, кейін табиғи газ нарығына шықты. Негізінен қысым реттегіштерді, клапандарды, буландырғыштарды, табиғи газ баллондарын жасап, сұйытылған газбен жабдықтау объектілерін жобалап, саламыз. Жапонияда 2020 жылы сатылым 120 000 000 АҚШ долларын құрады,-деді Х.Сакура.
Облыс әкімінің орынбасары аталған ұсынысқа қызығушылық білдіре отырып, өңірді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін айтты. Ол Атырау қаласындағы арнайы экономикалық аймақтан тауар өндіру үшін зауыт ашуыңызға мүмкіндік бар екенін жеткізді.
Анықтама үшін: Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айында Атырау облысының Жапониямен сыртқы сауда айналымы 28,7 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 14,1 мың АҚШ долл., импорт – 28,7 млн.АҚШ долл.
Негізгі импортталатын өнімдер: белсендірілген көмір, антидетонаторлар, құбырлар, ыдыс-аяқтар, шиналар және басқалар. Экспортталатын өнімдер: құбырлар, түтіктер, профильдер және тсс.