Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда кәсіптік білім беретін оқу орындары 12 кәсіпорынмен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен «Инвестициялық жобаларға кадрлер әзірлеу» тақырыбында жиын өтті. Оған Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы П.Хасанов, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Г.Шакуликова және өңірдегі орта кәсіптік білім беретін колледж директорлары, кәсіпорындар басшылары мен мекеме өкілдері қатысты.

-Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты — өңірде іске асырылып жатырған және іске асыруға жоспарланған инвестициялық жобаларға, университеттер мен колледждердің студенттері мен түлектерін дуалды оқуға тарту арқылы алдағы уақытта жұмысқа орналастыру. Бұл істі сәтті іске асырамыз деген ойдамын және де осы бағытта бүгін оқу орындарымен кәсіпорындар арасында меморандумға қол қойылып отыр,- деді М.Мурзиев.

Осылайша «Даларо» ЖШС, «ТрансЖол-Трейд» ЖШС, «РауанНТех» ЖШС және «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау СБК» ЖШС мен Атырау мұнай және газ университеті, «Бутадиен» ЖШС мен Атырау политехникалық колледжі, «Texol trans» ЖШС мен APEC Petro Technic колледжі, «Ультрастаб-Казахстан» ЖШС мен Атырау энергетика және құрылыс колледжі, «РГК-Каспий» ЖШС мен Атырау индустриалды колледжі арасында келісімге қол қойылды. Сондай-ақ «Интаго Қазақстан» ЖШС мен Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі, «Жұмағалиев» ЖК мен Атырау аграрлы-техникалық колледжі, «Aktau Property» ЖШС мен Атырау сервис колледжі, «V6» ЖК мен, Атырау көлік және коммуникация колледжінің арасында меморандум жасақталды. Алдағы уақытта техникалық мамандық даярлау және кадрлық мәселелерде тараптар бірлесе қызмет атқаратын болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 24 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бар. Олардың 17-сі мемлекеттік, 7-і жеке меншік колледждер.

Back to top button