Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Атырау облысы Доссор кентінде 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталды

Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен Мақат ауданының Доссор кентінде 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды.

Жаңа нысанның инвесторы NCOC N.V компаниясы болса, мердігері «СамалНефтСтрой» ЖШС. Бүгінгі таңда аумақты қоршау жұмыстары жүргізілуде.

-Ауданымызда 2017 жылдан бері тұрғындар үшін 60 пәтерлік көпқабатты үш үй тапсырылған болатын. Мақат кентіндегі екі нысанның да халық игілігіне берілетін күні алыс емес. Ал аталған Доссордағы үш қабатты үйдің 30 пәтері екі бөлмелі, 30 пәтері үш бөлмелі болып салынғалы жатыр. Баспана үй кезегінде тұрғандарға реттілік бойынша беріледі,- деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Қадыров.

Оның айтуынша, аталған үй 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақат ауданында 760 адам баспанаға мұқтаж ретінде үй кезегінде тұр.

Back to top button