Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырау облыстық балалар ауруханасында алғаш рет жаңа интраоперациондық құрылғымен ота жасалды

Мұндай ота еліміздің батыс өңірі бойынша Атырауда ғана жүзеге асады.

Атырау облысы әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен алынған жаңа заманауи құрылғының құны 100 млн теңге тұрады.

— Бүгін Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жаңа медициналық құралдар алынды. Атап айтсақ, ота жасайтын үстел, нейронавигация және нейромонитор барлық ота барысында қолданатын қосалқы бөлшектерімен алынды. «Қазақстан халқы» қорына барша медицина қызметкерлерінің атынан алғысымды білдіремін. Аталған қор құрылғаннан бері республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлмей, дәрі-дәрмек пен басқа да медициналық құрылғыларды осы қор арқылы шешуге тырысып жатырмыз,- деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Есболаев аталған құрылғылардың, оның ішінде ота үстелінің ерекшелігі өте жоғары екенін атап өтті.

— Туа пайда болған немесе жүре пайда болған бас сүйектің, мидың және жұлынның жарақаттарын емдеуге мүмкіндік жоғары. Ота кезінде маманның белгілі бір потологияны табуына және оның ену жолдарын жеңілдетуге нейромонитордың пайдасы көп. Мұны мидағы потологияларды анықтауға мүмкіндік беретін, қазіргі талапқа сай инновациялық құрылғы деп айтуға болады,- деді Е.Есболаев.

Айта кетейік, жаңа құрылғының көмегімен бүгін алғаш рет екі жасар баланың желке аймағындағы қатерлі ісікті алу үшін ота жасалып, сәтті аяқталды.

Back to top button