Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атыраудағы өртте күйіп қалған әйел мен 3 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр

Атырауда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір отбасының 5 адамын күйік шалған еді. Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен ерлі-зайыптылар мен үш айлық сәби көз жұмды. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан әйел мен 3 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде 2001 жылғы әйел жатыр. Ал, облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 3 жасар бала бар.

«Науқастардың жағдайы әлі де ауыр. Олар ауруханалардың жансақтау бөлімінде жатыр. Әзірге ешқандай өзгеріс жоқ. Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылауда ұстап отыр», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Back to top button