14-18 қаңтар аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізіліп, онда атыраулық оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.
Елімізде тұңғыш рет өткізілген білім бәйгесінде Атырау облысынан қатысқан 49 оқушы жаратылыстану-математика бағыты бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, 11-і жетістікке жетті.
Олимпиада қорытындысымен Құрманғазы ауданы М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Ержігіт Есетов биология пәнінен, Махамбет ауданы Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дильназ Серікова биология пәнінен, Индер ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұрбек Сафуан география пәнінен 2-орынды иеленді.
Ал Индер ауданы Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұрайым Нұрмұханқызы физика пәнінен, Құрманғазы ауданы Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Ақниет Салахеденова биология пәнінен, Жылыой ауданы №4 М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Асылай Ертарғын биология пәнінен, Исатай ауданы Исатай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жұлдыз Шәкір биология пәнінен, Индер ауданы Көктем қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Райымбек Сайлау география пәнінен, Махамбет ауданы Жалғансай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Саламат Жайғали информатика пәнінен 3-орынға қол жеткізді.
Сондай-ақ ерекше жетістігі үшін Индер ауданы Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Нұрила Мұрат пен Атырау қаласы Амангелді атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Расул Утегенов Грамотамен марапатталды.
Айта кетейік, олимпиада кезінде «Астана достарын қарсы алады» бағдарламасы ұйымдастырылып, «Дарынды және жоғары ынталы оқушыларды дамыту үшін педагогикалық бағдарламаларды әзірлеудің заманауи тәсілдері» атты республикалық семинар ұйымдастырылды.