Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауда былтыр 2 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет пайдасына өндірілді

Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің ерекшеліктерінің бірі, ол — процесстік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігі. Яғни, процестік кодексте аталған шаралардың түрлері көрсетілген. Ең тиімдісі – ақшалай өндіріп алу шарасы. Былтыр көлемі 2 миллионнан астам теңгені құрайтын 41 ақшалай өндіру шарасы қолданылған. Аталған сома толығымен мемлекеттің пайдасына өндірілді. Бұл туралы Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова баспасөз брифингінде мәлім етті.

Егер қарсы тарап шығарылған соттың шешімін уақтылы орындамаса, 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіру салынады. Сонымен қатар пікірін уақтылы сотқа жолдамаса, сот отырысына дәлелсіз себептермен қатыспаса немесе кешіксе, сондай-ақ бұдан басқа сотты құрметтемегені үшін, өз құқықтарын теріс пайдаланған жағдайда да осы шара қолданылады, — деді А.Салихова.

Бұдан бөлек ол, өткен жылы тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулардың өскені байқалғанын жеткізді.

Бұл істер бойынша көбінесе талап қоюшылар, ішкі істер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Олардың талаптары — мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз ету жағдайы. Осыған байланысты олар тұрғын үй комиссияның шешімдерін даулаған.

Сондай-ақ былтыр 474 талап қою арызы кері қайтарылған. Қайтарудың басты себебі — талап қоюшылар арыздарын өздігінен қайтып алуы және сотпен татуласу рәсімдерін қолдануы. Атап айтқанда, 121 іс бойынша сотпен медиация, яғни татуласу бекітілді, ал 160 арыз қайтарылып алынған.

Сонымен қатар Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Айгүл Калимукашева өткен жылдың қылмыстық істер бойынша шығарылған статистикасымен бөлісті.

-Былтырғы статистикалық мәліметтер қылмыстық істер қарайтын судьялардың жүктемесінің артқанын, түскен және аяқталған қылмыстық істердің көбейгенін көрсетеді. Өткен жылы облыс соттарына 1486 адамға қатысты 1225 іс келіп түсті. Сонымен бірге 1556 адамға қатысты 1239 қылмыстық іс аяқталып, оның ішінде үкім шығарумен 1083 адамға қатысты 847 іс қаралды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдар санының өсуі байқалады. Өткен жылы барлығы 1043 адам сотталған, оның ішінде 396 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деді ол.

Брифинг барысында А.Салихова өткен жылдан бастап салық органдары дауды татуласу арқылы шешуді жолға қойғанын атап өтті.

Back to top button