Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атыраудағы NCOC компаниясының басшылығы ауысады

Бұл туралы  компанияның жоғары басшылық тобында өзгеріс болатынын хабарлады.

2024 жылғы наурызда Джанкарло Рую мырза NCOC компаниясының жаңа басшысы ретінде Оливье Лазар мырзадан басқарушы директор міндетін қабылдайды.

Оливье Лазар мырза NCOC компаниясына 2021 жылғы маусымда құрлық және теңіз жобалары шеңберінде геологиялық барлау, мұнай өндірісі және газ саласында жинақтаған мол тәжірибесімен келген.

Лазар мырза Shell компаниясында 35 жылдан астам қызмет атқарған. Соңғы 6,5 жыл Қазақстанда еңбек етіп, елдің энергетикалық секторын және оның әлеуетін терең түсінетінін көрсетті.

Оливье мырзаның басшылық етуімен NCOC компаниясында Солтүстік Каспий жобасына да, сондай-ақ Қазақстан Республикасына да өте маңызды газ жобалары бойынша негізгі шешімдерді қамтамасыз ететін кеңею жобалары әзірленді.

Екінші жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарының табысты орындалғаны рекордтық деңгейлерге сенімді жетуге мүмкіндік беріп, Қашағанда мұнай өндіру қайта басталған кезден бастап мұнай өндірудің жиынтық көлемі 100 млн тоннадан асты.

Ал, жақында іске қосылған сарқынды су тазарту қондырғысы өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, компания шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру және жергілікті қамту салаларында рекордтық көрсеткіштерге жетті және Атырау облысының Мақат ауданы мен Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына ерекше көңіл аудара отырып, бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.

Джанкарло Рую мырза Қазақстанда және шет елдерде мұнай және газ кен орындарын басқару стратегиясы бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Осы қызметке дейін ол өндірістің, кен орындарын барлаудың, игерудің және пайдаланудың, сондай-ақ бизнесті дамытудың толық барысын қамтитын жауапты лауазымдарды атқарған.

Ол соңғы қызметі бойынша «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры лауазымында еңбек етеді, оның алдында Әбу-Дабиде Eni/ADNOC бірлескен кәсіпорнының құрлық бағдарламасын басқарды.

Ганада Eni басқарушы директоры және Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінің директоры болды.

Back to top button