Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда өзін өртеген ер адам ауруханада қайтыс болды

Атырауда 63 жасқа толатын ер адам өзін өртеп, 81 пайыз күйікпен ауруханаға түскен еді. Ер адам бүгін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыстық ауруханаға өзін-өзі өртеген адам 14 қаңтарда кешкі сағат 20:15–те жеткізілген.

Дәрігерлер ер адамның денсаулық жағдайын жіті тексерді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы ауыр болды. Денесінің 81 пайызынан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оған қажетті ем-домның бәрін жасады. Бүгін таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам есін жимастан қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Back to top button