Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырау облысында 2 309 адам қызылша жұқтырған

Атырау облысында былтырғы 2 наурыздан бері 6 998 адамда алғашқы диагнозбен қызылшаны жұқтыру күдігі анықталған. Кейін зертханалық талдау қорытындысымен 2 309 адамның аталған дертті жұқтырғаны дәлелденді.

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қызылша дертін жұқтырудың алғашқы дерегі былтырғы 2 наурызда тіркелген.

«Биылғы 7 қаңтарға дейін зертханалық талдау нәтижесімен 2 309 адамнан қызылша ауруы анықталды. Науқастардың арасында басқа ел мен қалалардан келген 8 адам бар. Оның ішінде Түркиядан 3, Тәжікстаннан 2, Біріккен Араб Әмірлігінен 1, Алматы қаласынан 1, Астанадан 1 адам қызылшаны жұқтырып келген», — дейді департамент өкілі Айкөркем Нұрғалиқызы.

Оның айтуынша, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі — 1-14 жасқа дейінгі балалар. Науқастардың 80 пайызының қызылшаға қарсы вакцина алмағаны анықталып отыр.

Back to top button