Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда балабақша тәрбиешісі туберкулезбен қайталап ауырған

Атырауда балабақша тәрбиешісінің туберкулезбен қайталап ауырғаны анықталып отыр. Науқас 1992 жылы осы сырқатпен ауырып, оң жақ өкпесіне ота жасалған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, науқасқа «Екі өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау сатысы» деген диагноз қойылған.

Дәрігерлер сырқатты қайталану түріне балап отыр. Тәрбиеші қазір ауруханада емделіп жатыр.

«Науқас өкпе туберкулезімен 1992 жылы сырқаттанып, емделген. 1992 жылы оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігіне резекция операциясы жасалған. Емдеудің нәтижесінде сырқатынан сауығып шыққан», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Алайда, былтырғы ақпан айынан бастап учаскелік дәрігерге, пульмонолог, фтизиатр, эндокринолог, аллергологқа қаралып, тиісті ем алған.

Ал, қараша-желтоқсан айы аралығында өкпе қуысын жалпы шолу рентгенограммасына, кеуде тұсын компьютерліу томограммасынан түсірген.

«Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссияның шешімімен науқасқа „Екі өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау сатысы. Қайталанған түрі“ диагнозы қойылды. Қазір науқасқа емдеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Back to top button