Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Атырауда әскери бөлімнің жас сарбаздары 30 шақырымдық жаяу жорыққа шықты

Атырау гарнизонындағы әскери бөлімнің жас сарбаздары 30 шақырымға созылған қашықтықты жаяу жүріп өтті.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жаяу жорыққа №41433 әскери бөлімінің құрамы қатысқан. Мақсат – барлық деңгейдегі әскери қызметшілердің теориялық білімін, жер бедерін бағдарлау мен төзімділігін тексеру.

«Бөлімшелер құрамында әскери қызметшілер жаяу жүріспен 30 шақырымдық жорық жасады. Бұл үшін арнайы бөлім аумағында оқыту сабағы ұйымдастырылды. Жаяу жорық – взвод немесе рота құрамындағы әскерилерге жүктелетін қарапайым міндет емес. Ең алдымен, бұл барлық деңгейдегі командирлердің жорықты жоспарлауға және ұйымдастыруға байланысты жұмысын қамтиды. Жас сарбаздар жаяу жорықта жақсы нәтиже көрсетті. Ал, командирлер бөлімшелерді басқаруда жоғары кәсібилігін танытты», — дейді әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Владимир Цуканов.

Оның айтуынша, жаяу жорықта сарбаздардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге де мән берілген.

«Бүгін әскери дайындығымызды жетілдірген жаяу жорық аяқталды. Сарбаздар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, әскери рухы, дайындығы мықты екенін дәлелдеді. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскерлеріне жыл маусымындағы табиғат құбылысы ешқашан кедергі келтірмейді. Өйткені, сарбаздар сапалы әрі жылы киіммен, өзге де қажетті құрылғылармен қамтылды. Жауынгерлік дайындықтан өткен бөлімшелердің жас сарбаздары біздің Отанымыздың нағыз шыңдалған әрі батыл қорғаушысына айналды», — деп мәлім етті Владимир Цуканов.

Back to top button