Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда аудан орталығынан шалғайындағы елді мекенде медициналық пункт ашылды

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Айдын елді мекенінде медициналық пункт ашылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Қанат Әзмұханов, ауыл тұрғындары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысып, жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.

-Бүгін ауылымызда көптен күткен медициналық пункт ашылып, қуанып жатырмыз. Мен осы ауылда туып өстім. Қазір жасым 60-тан асты. Қаракөл ауылымен қатынастың шалғайлығынан бізге ем-дом қабылдау қиындық тудыратын еді. Енді міне ауылымызда медициналық пункт салынып, алысқа бармайтын болдық,- деді елді мекен тұрғыны Айбаршын Көлбаева.

Жаңадан ашылған медициналық пунктте тіркеу, егу, ем қабылдау, дәрі-дәрмекті сақтау, әйелдерді қабылдау кабинеттері бар. Мұнда алдын-ала екпе жүргізу, алғашқы медициналық көмек түрлері жүргізіледі.

Жалпы Қызылқоға ауданының денсаулық сақтау саласында 1 аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік және 6 медициналық пунк бар. Ауданның денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта 482 маман, оның ішінде 46 дәрігер мен 302 орта буын қызметкері еңбек етеді.

Back to top button