Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

2024 жылдың сәуір айынан бастап «Е-петиция» платформасы іске қосылады

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті.

— Тиісті министрлік онлайн платформаға өзгеріс енгізіп жатыр. «Егов» платформасында «е-питиция» модулі қосылатын болады. Оның көмегімен әр азамат өз ұсынысын немесе өз қолдауын білдіре алады. Ең бастысы — мұның ресми статусы бар. Жарияланған питиция тақырыбына сәйкес жергілікті атқарушы органға жолданған болса, сол салаға жауапты мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы жауап беруі тиіс. Петицияға аудандың мәслихат назар аудару үшін 5000 адамның дауысы қажет болса, ал республикалық деңгейде қаралу үшін 50 000 азаматтың қолдауы керек,- деді Д.Қадыров.

Вице-министр кездесу барысында «Масс-медиа туралы» заң жобасының негізгі новеллалары, журналистердің мәртебесін көтеру, кәсіби журналистиканы дамыту, блогерлерге жүктелетін жауапкершіліктер туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Кейін Данияр Қадыров азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Back to top button