Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Атырауда «Бизнеске жол» жобасы аясында 500-ге жуық кәсіпкерден 81 өтініш түсті

Мемлекет басшысының тапсырмаларын және бизнесті қорғау мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, Агенттік жыл басынан бері «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 500-ге жуық кәсіпкермен кездесулер болып, олардан 81 өтініш келіп түсті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин баспасөз брифингінде мәлім етті.

— Жоба кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуге бағытталған. Оны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырудамыз. Біз бизнес саласының мамандарымен күнделікті кездесулер өткіземіз және олардың қалыпты жұмыс істеуіне ненің және кімнің кедергі келтіретінін анықтаймыз. Жобаны іске асыру барысында 81 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта оның ішінде 30 өтініш қанағаттандырылды, — деді Н.Жахин.

Жоба аясында қабылданған шаралармен сыбайлас жемқорлық фактілері жойылып, 900-ден астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бір кәсіпкерге емес, бүкіл бағыттар мен салаларға әсер ететін жүйелік мәселелерге тоқталады. Кейіннен осындай жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кешенді жою жөнінде шаралар қабылдайды. Осыған байланысты, бизнес саласында департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 мониторинг жүргізілді. Бұл туралы Атырау облысы бойынша бизнес омбудсменнің сектор меңгерушісі, Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев атап өтті.

— Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасына, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және олардың ведомстволық бағынысты мекемелеріне мемлекеттік сатып алу бойынша қызметтер көрсету және тауарлар жеткізу саласындағы жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 150-ден астам кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды. Департамент енгізген ұсынымдар бойынша аталған ұйымдармен мемлекеттік сатып алу бойынша жеткізілген тауарлар үшін кәсіпкерлік субъектілері алдында шамамен 1 млрд теңге берешек төлемдері қайтарылды, — деді С.Жолдыбаев.

Back to top button