Атырау облысымен шекаралас қоныстанған Астрахань өңірінде жұқпалы екі аурудың ошағы анықталып отыр. Аурудың бірі – бруцеллез, екіншісі – африкалық шошқа обасы.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахань облысы бойынша бас басқармасы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы мүмкін екенін ескерткен.
«Астрахань облысының Приволжск, Енотаев және Харабалин муниципалды аудандарында мүйізді ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. Ахтубинск муниципалды ауданының аумағында африкалық шошқа обасының ошағы анықталып отыр», — деп хабарлалы Астрахань облысы бойынша бас басқармасы.