Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Қашаған мен Теңізден 647 млн тонна мұнай өндірілді

Қашаған мен Теңіз ен орындары игерілген сәттен бері 647 млн тонна мұнай берді.

«Қашаған мен Теңіз кен орындары игерілген сәттен бастап 647,6 млн тонна (Қашаған – 97,8 млн, Теңіз – 549,8 млн) мұнай өндірілді», — деп атап өтті Энергетика министрлігінен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның мәліметінше, 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісім аясында (бұдан әрі — СКБӨБК) СКБӨБК тараптары (мердігер компаниялар және республика) арасында өнімді бөлу СКБӨБК шарттарында көзделген өнімді бөлу тетіктері негізінде жүзеге асырылады. Өнімді одан әрі сатуды (мұнай экспорты, бағасы және т. б. мәселелер) СКБӨБК бойынша мердігер компаниялар дербес анықтайды. Яғни, бұл мәселелер СКБӨБК аясында қарастырылмайды.

Айта кетейік, «Қашаған» – Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. 2000 жылы ашылған. Мұнда өндірілетін мұнай қоры – болжам бойынша 9-13 млрд баррель. «Қашағанда» коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталған.

Теңіз — Қазақстанның Атырау облысындағы, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 350 шақырым жерде орналасқан мұнай-газ кен орны. Каспий маңы мұнай-газ провинциясына жатады. 1979 жылы ашылған. Теңіз Қазақстандағы мұнай қоры бойынша (Қашаған кен орнынан кейін) 2-орын алады. Геологиялық қордың болжамды көлемі — 3 млрд 133 млн тонна. Ілеспе газдың қоры — 1,8 трлн текше метр.

Back to top button