Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырау облысында 989 адамнан қызылша анықталды

Атырау облысында 2 наурыздан бері қызылша жұқтыруға күдікті 1 846 дерегі тіркелді. Оның ішінде 13 қарашаға дейін 989 адамнан қызылша дерті анықталды.

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қызылша жұқтырудың алғашқы дерегі 2 наурызда тіркелген.

«Биылғы 2 наурыз бен 13 қараша аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 1846 жағдай тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 1677, Жылыой ауданында – 54, Мақатта – 50, Исатайда – 23, Қызылқоғада – 16, Махамбетте – 13, Индерде – 7, Құрманғазы ауданында 6 дерек анықталып отыр. Зертханалық жолмен талдау кезінде 989 адамның қызылша жұқтырғаны дәлелденді, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Back to top button