Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

«Атырау облысы Су арнасы» КМК абоненттерге ыңғайлы болу үшін телеграмм чат-ботынының жаңа нұсқасын ұсынады

«Атырау облысы Су арнасы» КМК өзінің соңғы жаңартылымдағы телеграмм чат-ботының іске қосылғанын мәлім етті.

Бұл қызмет абоненттермен өзара әрекеттесуді жеңілдетуге және жақсартуға, оларға маңызды ақпарат пен қызметтерге жылдам және ыңғайлы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

— Біздің кәсіпорын абоненттеріміздің тәжірибесін жақсартуға үнемі ұмтылуда. Бұл чат-бот қызметтерлердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы тағы бір қадам. Аталған чат-бот 24/7 қол жетімді, ол абоненттерге шоттарын басқаруға және нақты уақыт режимінде маңызды ақпарат беруге ыңғайлы. Бұл қызмет — уақытты үнемдеу және қаржылық операцияларды жеңілдету мақсатында жасалған,- деді «Атырау облысы Су арнасы» КМК-нің өткізу қызметінің басшысы Зульфия Қадырқызы.

Оның айтуынша, мұнда бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Айталық, абоненттер нақты уақыт режимінде ағымдағы баланс және төленген сомалар туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ олар кеңселерге бармай-ақ, қарыздарын өздері үшін ыңғайлы уақытта тексеріп, төлей алады. Оған қоса, есеп құралдары туралы ақпаратты оңай көруге және олардың су тұтынуын бақылауға мүмкіндік береді. Осы арқылы есептеу құралдарының көрсеткіштерін айдың 15-тен 25-ке дейін беру оңай және тез жүреді, бұл есептеу процесін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар абоненттер төлемдер мен шығыстарды шот-фактуралар мен салыстыру актілері арқылы бақылай алады.

Back to top button