Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауда жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа іріктеу басталды

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 5 млн теңгеге дейін берілетін мемлекеттік грант конкурсына 574 кәсіпкер қатысып жатыр. Олардың ішінде аймақта бұрын-соңды болмаған 20 кәсіпкердің жобасы ғана мақұлданады.

Комиссия мүшесі Серік Қадыровтың айтуынша, 13 жылдан бері кәсіпкерлерге беріліп келе жатқан грант ережесінде бірқатар өзгеріс бар. Сонымен қатар комиссия отырысына тәуелсіз байқаушылар да қосылды. Олар іріктеудің жүру барысы әділ өтуін бақылайды.

— Бұрын осы уақытқа дейін кездеспеген бизнес идея оны ашатын өңірде жоқ болса өтініш мақұлданып, грант берілді. Ал қазір облыста кездеспеген тың идеялар ғана қарастырылатын болып шешілді. Өйткені биыл бөлініп отырған қаражаттың көлемі — 100 млн теңге. Ал комиссия мүшелері шешімді әділ қабылдауы үшін қатарға тәуелсіз бақылаушылар қосылды. Олар бақылаушы болуға алдын ала өтініш беріп, тіркелді. Оған облыстағы әр тұрғын қатыса алады.Іріктеу жұмыстары 14 қарашаға дейін жалғасады,-деді С.Қадыров.

Грантқа құжат қабылдау басталғалы бері оған қатысу үшін 787 өтініш түсіп, комиссия қарауына тек 574 кәсіпкердің жобасы жіберілді. 165 өтініш құжаттардың толық болмауына байланысты кері қайтарылды, 48 өтініш иесі жобасын қайтып алды.

Back to top button