Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атыраудың бұрынғы әкімі коммуналдық кәсіпорынды басқаратын болды

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Мейірім Қалауи жаңа қызметке тағайындалдыды. Енді ол «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын басқарады.

Мейірім Жоламанұлы 1985 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС-нің директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редактор болып жұмыс істеген.

2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы, 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы шілдеге дейін Атырау қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Back to top button